Хабарлама

Хабарлама

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Интернет кеңістіктегі діни экстремизмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өткізетінін хабарлайды.

Интернет-конференция барысында зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықтың радикалды идеологияны насихаттауға иммунитетін қалыптастыруға, дінтану және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды жүргізудің негізгі әдістері мен тәсілдері жөніндегі ақпараттармен қамтылады.

Конференцияға ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Интернет кеңестікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Долиев қатысады.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/3546 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Интернет-конференция 2023 жылғы 22 тамызда сағат 9:00-18:30 аралығында жүргізіледі.

Қосымша сұрақтар бойынша – Долиев Жапал Әмзебекұлы, тел.:74-05-43; +7 701 124 77 63