
14 ақпанда Қазақстан Мұсылмандыры Діни Басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты жасаған сапары барысында бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Бас мүфти, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Кездесуде барысында Қордай қақтығысындағы екі жақты халықтың түсініспеушілігінің тақырыптары қозғалды.
Жаңадан тағайындалған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, діни қызметкерлермен бірге жұмыс істеуді жалғастыратынын айтып, сондай – ақ Бас муфти өз кезегінде осы саладағы имамдарды жұмысқа тартатынын атап айтты. Кеңес отырысынан кейін ауыл ақсақалдары жастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөліп, тұрғындардың өзара сыйластығын сақтап қалатынына уәде берді.
Бас муфти дүнгендер тұратын аймақтағы Ауқатты, Сортөбе және Масаншы ауылдарының тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға бейбітшілік туралы айтып, халықтардың бірлігін бұзбауға шақырды.