Эр-Рияд қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен кездесті.

Эр-Рияд қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен кездесті.

Ағымдағы жылы 2 ақпанда Сауд Арабияның астанасы Эр-Рияд қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен кездесті.

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселесі аясында ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Дәурен Абаев Қазақстан Сауд Арабиясының бүкіл әлемде исламның рөлін нығайтуға, ислам дінінің шынайы, бейбітсүйгіш мәнін шыдамды және барлық халықтарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Шейх Әбдель Латиф әль-Шейх Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы бауырластық қатынастардың тереңдігі мен беріктігін атап өтіп, патшалық ислам діні кең таралған елдердегі бауырластарымен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын баса айтты. Тараптар рухани және діни саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары туралы және исламның қазіргі жағдайының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер радикалды діни ағымдардың алдын алуы бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу, атап айтқанда, халықты экстремистік діни идеологияның әсерінен қорғау үшін контрпропагандалық жұмыстар жүргізу арқылы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.