
2020 жылы 14 қаңтарда Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов Қазақстанның Елуіншілер шіркеулер одағының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Одақ өкілдері 2019 жылғы қызметінің қорытындылары мен өткізілген акциялар, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және 2020 жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, олар Дін істері комитеті мен Одақ арасындағы меморандумға қол қойылғаннан кейін Одақ пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынастарда оң өзгерістер байқалатынын атап өтті.