
Қазақстанның діни бірлестіктерінің көшбасшылары - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстанның Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Астанадағы Әулие Мария Рим-Католик архиепископы Томаш Пэта, Нұр сұлтан қаласы және Ақмола облысының бас раввині Карнаух Шмуэль, Қазақстандағы Евангелика-лютеран шіркеуінің басшысы Юрий Новгородов-қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.
Діни бірлестіктердің өкілдері мерекенің Қазақстан халықтарының арасындағы бейбітшілік, келісім мен достықтың символы ретінде маңыздылығын атап өтті.
«Алғыс айту мерекесі – бұл елдің байырғы халқына, ең алдымен, мейірімділік көрсеткен және 20-шы ғасырдың қасіретті жылдары қуғын - сүргінге ұшыраған қоныс аударушыларды туған адамдар ретінде қабылдаған қазақтарға деген құрмет,» - деді митрополит Александр.
Діни бірлестіктердің көшбасшылары Алғыс айту күнін тойлау дәстүрі Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын көптеген этностар арасында бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.