
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Даурен Абаев пен ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Əлжан Ана» мешітінде электронды терминалдар арқылы азаматтардан қайырымдылықты қабылдау процесін іске қосу рәсімін өткізді.
Іс-шарада Министр электронды терминалдардың Елордадағы барлық 12 мешітке орнатылғандығын атап өтті. Сондай-ақ, министрдің айтуы бойынша, арнайы терминалдар облыс орталықтары мен республиканың барлық ірі қалаларындағы мешіттерде орнатылатын болады.
Заманауи тəсілді қолданысқа енгізу халық алдында діни басқарманың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз азаматтардан қайырымдылықтың түсуі ҚМДБ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Министр мен Бас Мүфти «Əлжан Ана» мешітінде Елорда имамдарымен кездесіп, олардың ағартушылық қызметіне қатысты мəселелерді талқылады.