
Қазақстандық "Уақып" қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, "UMMET", "Харекет" қайырымдылық қорларымен және басқа да қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, бұқаралық қайырымдылық пен бөгде демеушілерді тарта отырып, "Мектеп сөмкесі" акциясын өткізеді. Акция ағымдағы жылдың 18-26 тамыз аралығында өтеді.
Балалар үйлерінің жетімдеріне, мүгедек балаларға және аз қамтылған отбасылардың балаларына қажетті мектеп керек-жарақтарымен мектеп сөмкелерін тапсыру бойынша жаппай қайырымдылық іс-шаралары барлық облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ҚМДБ мешіттері, сауда және ойын-сауық орталықтары жанында ұйымдастырылатын болады.
Қазақстандық "Уақып" қоры бұқаралық қайырымдылық пен бөгде демеушілерді тарта отырып, қажетті мектеп керек-жарақтарымен 2000 сөмкені сатып алды. Қор барлық азаматтарды балаларға сөмкелер мен мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін "Мектеп сөмкесі" акциясына қатысуға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, "Уақып" қоры коммерциялық емес қайырымдылық ұйым болып табылады, оның қызметі дәстүрлі құндылықтарды, адамгершілікті қолдауға, діни радикализм мен фанатизмнің алдын алуға, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім беру-ағарту іс-шараларын қаржыландыруға, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруға және діни мекемелердің жұмыс істеуін қолдауға бағытталған.