Камбоджадағы АҚШ-тың Евангелистік шіркеуінің пасторы Пэрис Луис Домингезбен кездесу өтті

Камбоджадағы АҚШ-тың Евангелистік шіркеуінің пасторы Пэрис Луис Домингезбен кездесу өтті

Бүгін ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев Камбоджадағы АҚШ-тың Евангелистік шіркеуінің пасторы Пэрис Луис Домингезбен кездесу өткізді. Кездесуге «Қазақстанның діни бірлестіктері Ассоциациясының» төрағасы А.Клюшев және Қоғамдық келісім комитеті Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы А.Чигирова қатысты.
Балғабек Мырзаев кездесу барысында министрліктің атқарып отырған қызметі туралы және конфессияаралық қатынас орнатуда Қазақстанның жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғап еліміздің зайырлы қағидаттарды ұстануға және демократияны дамытуға деген ұмтылысы бар екендігін жеткізді.
Жалпы алғанда, кездесу конструктивті сұхбат түрінде өтіп, Пэрис Луис Домингез тарапынын туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ, кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы дін саласындағы диалогты арттыруға ниеттестік білдірілді.