Астанада діни бірлестік өкілдері арасында спартакиада өтеді

Астанада діни бірлестік өкілдері арасында спартакиада өтеді

2018 жылғы 26 тамызда Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Қазақстандағы барлық конфессия өкілдерінің қатысуымен «Деннің саулығы – ел беріктігінің кепілі» ұранымен спартакиада өтеді.

Спорттық шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналып, Қазақстандағы діни бірлестік өкілдерінің жиыны аясында ұйымдастырылады.

Сайыстың мақсаты – спортты дамыту мен денсаулықты нығайтудағы барлық дін өкілдерінің бірлігін көрсету.

Спартакиаданың бағдарламасында ерлер үшін 2000 метрге жүгіру, орында тұрып ұзындыққа секіру, граната лақтыру спорт түрлерінен сайыс, әйелдер үшін 1000 метрге жүгіру, орында тұрып ұзындыққа секіру, арқасымен жатып кеудесін көтеру, граната лақтыру сияқты спорттық шаралар қарастырылған.

Саайысқа діни бірлестік өкілдері, Қоғамдық келісім комитетінің, Халықаралық діндер мен мәдениттер орталығының және Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, оснымен қатар, Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының өкілдері қатысады.

Жеңімпаздар арнайы грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталады.