
2018 жылдың 26 тамызында Астана қаласының Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің спартакиадасы өтті.
Іс – шара "Спорттық денсаулық - мықты ел" ұранымен өтті және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің, тіркелген діни бірлестіктердің, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының, ғылыми-зерттеу және талдау орталығының және Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының өкілдері қатысты.
Спартакиада келесі спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды: 2000 м. жүгіру (ерлер үшін) және 1000 м.жүгіру (әйелдер үшін), бір орыннан ұзындыққа секіру, тартылу, граната лақтыру, арқамен жатып денені көтеру.
Іс-шара қорытындысы бойынша грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
















