
29 тамыз күні ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстандағы Евангелистік-Лютеран Шіркеуінің басшысы, архиепископ Юрий Новгородовпен кездесті.
Кездесу барысында Дархан Кәлетаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына Евангелистік Лютеран шіркеуі өкілдерінің қолдау көрсетуіне және қатысуына, сондай-ақ діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасын әзірлеу барысында айтылған ұсыныстары үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Архиепископ Юрий Новгородов Қазақстандағы лютеран қауымдастығының тыныс-тіршілігі жайлы айтып, дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтарды сақтауға бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша алдағы жоспарларын ортаға салды.
Кездесуге сондай-ақ, Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев, Қазақстан Республикасындағы Евангелистік лютеран шіркеуінің іс басқарушысы Оксана Яковлева, Қазақстан Республикасындағы Евангелистік Лютеран шіркеуінің пасторы Жәнібек Бәтенов қатысты.