Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өтті

 Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өтті

2018 жылы 19 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингін өткізді.
Дін мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басымдықтарды айқындау және ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ діни мәселелерді ақпараттандыру бойынша пікір алмасу және тәжірибе алмасу мақсатында тренинг журналистермен, БАҚ өкілдерімен өткізілді.
Іс-шараның ашылуында сөз алған Қоғамдық келісім комитетінің төрағасының м.а. Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы қоғамдық пікірді қалыптастыруға және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруда БАҚ өкілдерінің ерекше рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, ол қазақ қоғамындағы конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту саясатын қолдауға, сондай-ақ радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы тұруға және халық үшін қажетті иммунитетті қалыптастыруға қабілетті дәстүрлі рухани құндылықтарды және зайырлы қағидаларды ілгерілетуге БАҚ белсене қатысуға шақырды.
Тренингке діни салада бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеу әдісімен таныстырған Д.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының профессоры, фил.ғ.докторы Билялова Гүлмира Қайсарқызы, «Kazmedia» медиамектебінің директоры Есен Махаббат, «Қазақстан» РТРК журналисті Нұрбек Бекбау және т.б. танымал тұлғалар қатысты.
Тренинг барысында журналистер пікір алмасты, ұсыныстарды ортаға салды, дін саласындағы қазіргі мәселелерді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау әдістерін талқылады.