
Жаңару, үміт пен мейірімділік символы – Наурыз мерекесіне орай, Нұр-Сұлтан қ. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ғимаратында Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының отырысы өтті.
Іс-шараға Дін істері комитеті төрағасы Е. Нүкежанов және Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Діни бірлестіктер өкілдері әрбір қазақстандыққа амандық, денсаулық және өзара түсіністік тілеп, Наурыз мерекесіне орай құттықтаулармен сөз сөйледі.
Сондай-ақ, іс-шарада Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты діни бірлестіктер өкілдерінің атынан Қазақстан халқына бірлескен құттықтау хаты қабылданды.
Сонымен қатар, Жиналыс отырысында діни ғимараттардың антитеррористік қорғалуын ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Жиналыс соңында «Абу Насыр әл-Фараби» мешітінде экскурсия жүргізілді.