
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің қатысушылары декларациясының қабылданғанын хабарлады. Ол әлемдік және дәстүрлі діндердің VI съезінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
"Қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер алтыншы съезінің декларациясын қабылдады,онда олар өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту және нығайту үшін жаһандық платформа ретіндегі біздің съездіміздің бірегей рөлін атап өтті. Осы съездің тағы бір маңызды оқиғасы өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығын құру туралы шешім болды. Бұл шешім декларацияда көрініс тапты", - деді Берік Арын.
Вице-министр сондай-ақ съездің жабылуында Астана рухани форумының 15 жылдығына орай шығарылған арнайы марканың өшуі өтетінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Астанада жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде "Манифест" Әлем. ХХІ ғасыр", "Өзгермелі геосаясаттағы діндер: адамзаттың бірігуі үшін жаңа мүмкіндіктер", "Дін және жаһандану: сын-қатерлер мен жауаптар", "Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді жеңуде" тақырыбындағы секциялық отырыстар өтуде.
Съезд жұмысына діни лидерлер мен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм, зороастризм, сондай-ақ діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда 45 елден 80-нен астам делегация қатысады.

