«LYN Community» президенті Уэйд Кьюсакпен кездесу өтті

«LYN Community» президенті Уэйд Кьюсакпен кездесу өтті

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Жанаханов АҚШ-тың «LYN Community» президенті Уэйд Кьюсакпен кездесу өткізді. Кездесуге Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев және «Қазақстанның діни бірлестіктері Ассоциациясының» төрағасы А.Клюшев қатысты.
Қайсар Жанаханов Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, түрлі этникалық топтар мен дін өкілдерінің ынтымақтастығы мен келісімінің дамуына өлшеусіз үлес қосып отырған Қазақстанның табысты тәжірибесі туралы айтып берді.

Уэйд Кьюсак, өз кезегінде, көпұлтты елдің бейбіт өмірі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуде Қазақстанның ұстанып отырған саясатына жоғары баға берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу және дін саласындағы өзара іс-қимыл үшін сындарлы ынтымақтастық пен серіктестіктің маңызы атап өтілді.