
Ү. ж. 10-11 қазанда өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі аясында Астанада Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың Түркия Дін істері басқармасының Төрағасы Әли Ербашпен, Марокко Корольдігінің вакуфтар және ислам істері министрі Ахмад Тауфикпен, Малайзияның Ұлттық бірлік және қоғамдық әл-ауқат министрі Вэйза Мурси Понусаминмен, Британдық қоғамдық өмірдегі Дін және сенім жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Вульф институтының директоры Эдвард Кесслермен, Дубай қаласындағы Ислам істері және қайырымдылық қызмет департаментінің атқарушы директоры Ахмед аль-Мухейри және "Хедая" халықаралық орталығының төрағасы Әли Рашид Әл-Нуеймимен кездесу өтті.

Министрлер Ахмад Тауфик пен Вэза Мурси Понусаминмен әңгімелесу барысында тараптар дінаралық диалог пен қоғамдық келісім, сондай-ақ жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұру мақсатында жас ұрпақты білім беру мен адамгершілік тәрбиелеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Әли Эрбашпен кездесуде қазіргі қоғам өміріндегі дәстүрлі діндердің рөліне қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасылды. Түрік өкілі Қазақстан Президенті бастамашылық жасаған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі шын мәнінде, түрлі дін ұстанушыларының басын қосқан жаһандық диалог платформасына айналғанын атап өтті.
Эдвард Кесслермен кездесуде Н.Ә. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығын құру жөніндегі бастаманы іске асыру жолдары туралы пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату, конфессияаралық диалогты дамыту туралы келісімге қол жеткізді.
Ахмед аль-Мухейримен кездесу Қоғамдық даму министрлігінің қабырғасында өтті.
Дархан Қалетаев қонақты "Уақып" қорының қызметімен таныстырып, оның негізгі жұмысы Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталғанын атап өтті.
Ахмед аль-Мухейри, өз кезегінде, БАӘ-де 15 қайырымдылық қоры жұмыс істейтінін айтты, осыған байланысты елімізде қайырымдылық қызметті дамытуға жәрдемдесу мақсатында қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.
Әли Рашид Әл-Нуеймимен болған кездесуде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты бірқатар мәселелер қозғалды.
Әли Рашид Әл-Нуейми зорлық экстремизмнің алдын алу, оның ішінде жастарды жат идеологиялық әсерден қорғау қызметінің негізгі бағыты болып табылатын "Хеда" халықаралық орталығының қызметі туралы айтып берді. Ол исламның бейбітсүйгіш сипатын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни экстремизмге, сондай-ақ осы құбылысқа байланысты қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен қатерлерге қарсы күрес саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.