Экстремизм мен терроризмге, деструктивті діни қызметке қарсы іс-қимылдың әдістері мен түрлері

 Экстремизм мен терроризмге, деструктивті діни қызметке қарсы іс-қимылдың әдістері мен түрлері

2018 жылғы 23-24 қазанда Астана қаласында «Деструктивті және экстремистік діни ағымдарға жастардың тартылу қаупін төмендету мақсатында экстремизмге қарсы жастар қозғалысының қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында «Экстремизм мен терроризмге, деструктивті діни қызметке қарсы іс-қимылдың әдістері мен түрлері»және «Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы заңнама»тақырыптарында жастарды оқыту бойынша екі күндік семинар өткізілді.

Семинарды «Ризалық» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша ұйымдастырды

Семинардың мақсаты - деструктивті діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу бойынша жас мамандардың қатарынан кәсіби спикерлерді даярлау.

Семинар жұмысына діни бірлестіктер, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіЖастар және отбасы істері комитетінің өкілдері тартылды.

Шараға экстремизмге қарсы «Q-one» жастар қозғалысының еріктілері болып табылатын колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Семинар барысында жастарды деструктивті діни ағымдарға және экстремистік ұйымдарға тарту қаупіне, интернет-кеңістікте діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына қарсы тұру, рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мемлекеттік-конфессиялық қатынастардағы зайырлылық мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, еріктілер семинар жұмысына белсенді түрде қатысты.