Қоғамдық даму министрі террористік белсенділік аймағына кеткен қазақстандықтардың ата-аналарымен кездесті

Қоғамдық даму министрі террористік белсенділік аймағына кеткен қазақстандықтардың ата-аналарымен кездесті

2018 жылғы 21 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму министрі Дархан Қалетаевтың соңғы бірнеше жыл ішінде балалары террористік әрекет ету аймақтарына (Сирия-Ирак аймағы) кеткен ата-аналарының бастамашыл тобымен кездесу өтті.

Кейбір мәселелердің жедел шешілуін қамтамасыз ету үшін осы отырысқа бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында әйелдер мен кәмелетке толмағандардың ішінен соғыс аймақтарында іздестіру мен Қазақстан азаматтарының отандарына оралуымен байланысты өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.

Министр Д.Калетаев және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бір топ ата-аналарға Қазақстан Республикасының азаматтарын қайтару, сондай-ақ, қажетті құжаттарды дайындау мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Министрліктің жанынан тұрақты жұмыс тобын құру және осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.