
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2017 жылы қабылдаған шаралар Қазақстандағы діни радикализмнің алдын алуды айтарлықтай күшейтуге көмектесті. Бұл туралы бүгін Үкіметінің баспасөз орталығында Дін істері жөніндегі және азаматтық қоғамминистрі Нұрлан Ермекбаев баяндады.
Нұрлан Ермекбаев 2017 жыл ішінде министрлік кең кешенді іс жүзінде іс-шаралар қабылдағанын баяндады. Осылайша, заңнамалық өзгерістер пакеті әзірленді, оның идеологиялық негізін «2017-2020 жылдарға арналған діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы» құрайды.
Тұжырымдамаға сәйкес діни насихатты бақылау күшейтіліп, діни бірлестіктердің қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік функциялар кеңейтілуде. Бұл ретте мемлекет әлі де канондық және діни мәселелерге араласпайды.
Ведомствоаралық жұмыс шеңберінде деструктивті діни ағымдарға идеологиялық және ақпараттық қарсы әрекет ету қадамдары қабылдануда. Үкімет жанынан тек дін мәселелерімен айналысатын арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды. Осындай өзара іс-қимыл нәтижесінде діни мекемелердің айналасында қауіпсіздік күшейтілді, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасалды.
1 тамыздан бастап Бас прокуратурамен және ИКМ-мен бірлесіп "Кибер қалқан" жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында kibernadzor.kz – арнайы ресурсы құрылды. Сайттар мониторингінен басқа кітап және баспа өнімдеріне сараптама жүргізіледі. Сондай-ақ, ІІМ-мен бірлесіп Діни экстремизм үшін сотталғандарды оңалтудың арнайы қызметі ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүйесі жаңғыртылды, ол қазір АМРГО-ны үйлестіруде құрылған. Арнайы технологиялық және ақпараттық топтардың құрамы теологтар, ҮЕҰ белсенділері, сарапшылары, БАҚ және діни бірлестіктер есебінен қайта құрылып, кеңейтілді.
Жыл басынан бері 1.8 млн-нан көп адамның қамтылуымен 17 мыңнан астам іс-шаралар өткізілді. Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Аталған кезеңде 700 мың жас оларға арналған 6000-нан астам ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.
Сондай-ақ тәуекел топтарымен жұмыс істеу үшін жобалық тәсіл жасалды. Министрліктің осы бағыттағы негізгі серіктесі – бас бостандығынан айыру орындарында жұмыс істейтін «Ақниет» оңалту орталығы. Орталық қызметкерлері діни экстремизм үшін сотталғандар мен олардың отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізеді.
Деструктивті секталардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін кеңес беру орталықтарының желісі құрылды. Министрліктің жобадағы серіктестері 24 ҮЕҰ болды. Күрделі өңірлерде тек кеңес беру орталықтары ғана емес, психологиялық оңалтудың толыққанды қызметтері жұмыс істейді.
«Қауырт желі 114» жобасы халықтың оң бағасын алды. 2016 жылы оған 500-ден астам өтініш түсті. Бұл жоба азаматтарға кеңес беруге және құқық бұзушылық туралы сигналдарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жалпы, көпжақты әріптестік негізінде дін саласындағы жағдайды бақылау қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде деструктивті діни идеялардың әсері біртіндеп төмендейді.