
Бүгін 2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Kazzhol Astana Hotel » қонақ үй кешенінде Қазақстан Республикасында 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі және радикалдық діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруда, әйелдер мен жастар үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің өзара байланысын нығайту.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы өзінің алғы сөзінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты тақырыптағы жолдауында діни экстремизмнің таралуын алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізіп, үкіметтік емес сектордың да бұл салада белсенді жұмыс атқаруына нұсқау бергенін баса айтып өтті.
Конференцияға Республикадан 100-ден астам қатысушылар, оның ішінде: мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, әйелдер мен жоғары оқу орындары, қоғамдық жастар ұйымдарының лидерлері болды.
Негізгі спикерлердің қатарында - Президенті жанындағы Әйелдер істері және Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Тарасенко Елена, танымал қоғам қайраткері Лушникова Надежда және т.б.
Конференция барысында жастар мен әйелдер ұйымдары негізгі басымдылықты Қазақстан жастарында патриотизмді дамыту мен мемлекеттің зайырлы ұстанымдарын берік ұстанудағы, деструктивті, радикалды діни ағымдарға төтеп берудегі негізгі әдіс ретінде қабылдады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 млн. жастар бар, яғни бұл әрбір төртінші адам жастар санатына жатады деген сөз. Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар арасында діни экстремизмді алдын алу мақсатында жастар бағдарын мемлекетті дамытуға бұрған.
Қорыта айтқанда, конференция конструктивті диалог форматында өтіп, қатысушылармен келесі ұсынымдар қабылданды:
- Жастар арасында, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда мемлекет тарапынан тиімді әлеуметтік зерттеулер жасау;
- Әйелдер мен жастар арасында радикализмның алдын алу шараларын өткізудегі жаңа әдіс-тәсілдерге назар аудару;
- Әйелдер арасында Дін саласы бойынша сауаттылық арттыруда жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыру;
- Діни экстремизмнің таралуының алдын алуда қоғамдағы әйелдердің позициясын белсендіру;
- Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы мен үкіметтік емес ұйымдар біріге отырып, сенуші әйелдердің әлеуеті мен жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар жас ұрпақтың патриоттық рухта тәрбиеленуін дамытып, жастар арасында радикалды идеологияның таралуына төтеп беруде бірден-бір құрал ретінде пайдалану.
Конференция қорытындысы бойынша әйелдер мен жастар ҒӨБ практикалық жұмыстарына арналған материалдардың әдістемелік жинағы шығарылады.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі Дін істер комитеті