Қазақстанда «Хедай» орталығының аймақтық кеңсесін ашу мәселесі қарастырылуда.

Қазақстанда «Хедай» орталығының аймақтық кеңсесін ашу мәселесі қарастырылуда.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық қатынастардың орнауының 25 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі басшылығымен Нұрлан Ермекбаев пен БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Аль-Жабер, «Хедай» халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес орталығының атқарушы директоры Махсуд Крузе,  «Сауаб» орталығының өкілі Олай аз-Захири арасында кездесу болып өтті.

Отырысқа қатысушылар Қазақстанда Хедай орталығының аймақтық кеңсесінің ашылуын, осы кеңсені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

Кездесуде Хедай және Сауаб орталықтарының қызметі туралы презентация жасалды.  Халықаралық Хедай орталығы Біріккен Араб Әмірліктерінің бастамасымен 2012 жылдың желтоқсан айында құрылды.  Ұйымның негізгі миссиясы - осы саладағы үздік сараптамалық зерттеулер жүргізу және тарату арқылы зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұруға көмектесу.

Хедайдың қызметі туралы айта отырып, Максуд Крузе өзара ақпарат алмасудың және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшылар арасында тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Сауаб орталығының өкілі Олай аз-Захири көрнекі ақпараттар мен графикалық материалдар негізінде Интернетте және әлеуметтік желілерде ISIS идеологиясының таралуына қарсы тұру үшін орталық жұмысының негізгі тетіктері мен нәтижелерін түсіндірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу перспективалары туралы пікір алмасты.

Іс-шараға Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, «Ақниет» қоғамдық қорының, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ және «Kazdream Technologies» талдау орталығының қызметкерлері қатысты.