
Бүгін, ағымдағы жылдың 13 мамырда ҚР АҚДМ Дін істері комитеті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Дін істері жөніндегі басқармаларының қызметкерлеріне діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасына қатысты мәселелерді талқылау үшін онлайн-семинар өткізді.
Аталған семинарда құқық қолдану практикасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Семинар барысында діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар таныстырылып, сондай-ақ қатысушылар діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін де талқылады.