
2017 жылдың 11 желтоқсанында Астана қаласында Дін істер және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті ұйымдастыруымен Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өткізілді.
Тренинг дін саласындағы тақырыптарға қалам тербеп жүрген журналистермен, БАҚ өкілдерімен және сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша пікір алмасу, басымдықтарды анықтау және ұсыныстар беру мақсатында өткізілді.
Іс-шарада модераторлық жасаған Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әбілдинова Әлия Сапабекқызы кіріспе сөзінде радикалдық идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы БАҚ өкілдерінің рөлін айрықша атап өтті.

Ә.С. Әбілдинова Комитеттің дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында жүргізіліп отырған жұмыстар мен ондағы басымдықтарға кеңінен тоқталды. Ол осы ретте қазақстандық қоғамда қалыптасып отырған конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жүйелі саясаттың нәтижесі екенін айта келіп, БАҚ өкілдерін қоғамымызда берік орныққан татулық пен келісімді, зайырлы қағидаттар мен дәстүрлі рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға және тұрғындардың бойында радикалдық діни ағымдардың теріс идеяларына қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру ісіне белсенді қатысуға шақырды.

Тренинг танымал журналист Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті Журналистика институтының директоры Омашев Намазалы Омашұлы, діни нысандарға байланысты ақпарат таратуды түсіндірудің заманауи әдістер бойынша тақырыптық баяндамасымен филология ғылымының докторы, профессорлар; Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникация қызметінің басшысы Анастасией Щегорцова және Қазақстан Республикасы Президеті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі Наби Гүлназ Аскенқызы.
Тренинг соңында іс-шараға қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегіндегі ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Іс-шара тренингке қатысқан журналистерге қаржылай марапаттаулар мен сертификаттар берумен аяқталды.

