Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б. Арын Орал және Ақтөбе Архиепископы Антониймен кездесу өткізді

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б. Арын Орал және Ақтөбе Архиепископы Антониймен кездесу өткізді

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С. Арын Орал және Ақтөбе Архиепископы Антониймен кездесу өткізді.

Вице-министр өз сөзінде Министрлікпен Православиелік Шіркеу арасында сенімді қарым-қатынас пен сындарлы диалог орнағанын атап өтті.

«Православие Шіркеуі қазақстандық қоғам үшін маңызды рөл атқарады. Жастардың адамгершілік тәрбиесіне, жақсылық пен әділеттілік идеяларын сақтауға, төзімділік, отансүйгіштік пен толеранттылық, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға көп жұмыстар жүргізілуде», - деді Берік Арын.

Кездесу барысында вице-минстр Архиепископ Антонийды «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының негізгі ережелерімен таныстырып, заңның радикалды діни идеялардың таралуын болдырмауға бағытталатындығын атап өтті.

Өз кезегінде Владыка өзі басқаратын епархияның қызметі жайында, шіркеудің түрлі әлеуметтік-қайырымдылық, рухани-ағартушылық және жастар жобалары жайында хабардар етті.

Кездесу соңында Б. Арын Архиепископты және Орал және Ақтөбе Архиепархиясының православ сенушілерін келе жатқан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, ашық аспан, ізгі тілектердің орындалуын және алға қойған мақсаттарға жетуін тіледі.