«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясының» қабылданғанына 25 жыл» атты отырысы өтті

«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясының» қабылданғанына 25 жыл» атты отырысы өтті

14 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясының» қабылданғанына 25 жыл» атты отырысы өтті.

Іс-шараға Дін істері комитетінің Төрағасы Е.А.Оңғарбаев, Төраға орынбасары А.С.Абельдина, Мәдениеттер мен діндердің халақаралық орталығының директоры А.Абуов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек  және діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.

Бірнеше жылдар бойы өткізіліп келе жатқан Жиын отырысы республикадағы діни бірлестіктердің өзара байланысының нығаюына зор үлес қосып келеді. Ол Қазақстандық қоғамда өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыруға ықпал ететін, дінаралық және конфессияаралық диалогты тереңдетуге бағытталған.

Отырыс барысында Комитет Төрағасы Е.Оңғарбаев барлық діндарларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастық және өркендеу тіледі. Ол, барлық діндердің өзара сыйластығы мен ашық диалог негізіндегі жемісті ынтымақтастығы – Қазақстан Республикасының басты байлығы мен мақтанышы екендігін ерекше атап өтті.

Іс-шараға барлық діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері белсене атсалысты. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Зада-ұлы Қажыбектің «Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшуі Қазақстанның даму эволюциясының жолы ретінде» – баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.