
Бүгін онлайн форматта Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Республикалары өкілдерінің қатысуымен «Діни төзімділікті, дінге сенушілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің саяси және құқықтық аспектілері: ұлттық практикаға шолу» атты өңірлік конференция өтті.
Конференция барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев Қазақстандағы мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасы моделі туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Орталық Азиядағы діни ахуалды және адамның діни сенім бостандығы құқықтарын қорғау сұрақтарын талқылады.
Конференцияға қатысушы елдер өкілдері алдағы уақытта діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселесі төңірегінде тәжірибе алмасу үшін сындарлы ынтымақтастықты дамытуға сенім білдірді.