
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Индонезия Республикасының Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Сухарди Алиуспен және Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамономен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері және өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың ықтимал перспективалары талқыланды.

Берік Арын Индонезиялық делегацияны министрліктің дін, мемлекеттің азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы қызметімен таныстырды.
Өз кезегінде Сухарди Алиус Индонезияның лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі негізгі ұсыныстарды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар діни лаңкестік көріністерінің алдын алу бойынша тәжірибе алмасу үшін екі елдің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын жолға қоюда өзара мүдделілігін растады.