«Қоғамды цифрландыру жағдайындағы дін жəне діни зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

«Қоғамды цифрландыру жағдайындағы дін жəне діни зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы «Конфессияаралық жəне өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығы» КЕАҚ бірлесе отырып ұйымдастырылған «Қоғамды цифрландыру жағдайындағы дін жəне діни зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияда дін қызметінің түрлі аспектілеріне, діни жəне діни емес факторларға, өзгерген əлеуметтік жағдайларындағы діншілдік жəне дінаралық өзара іс-қимылдарға, сондай-ақ дін мен зайырлы идеологиялар, құрылымдар, субъектілер арасындағы офлайн жəне онлайн форматтағы қарым-қатынастарға сандық технологиялардың əсер етуіне байланысты мəселелердің ауқымды спектрі талқыланды.

Іс – шарада Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары А.Н. Хатиев алғы сөз сөйледі.

А. Хатиев COVID-19 пандемиясы жағдайындағы жаһандық тәжірибе қоғамның барлық саласын, соның ішінде дін саласын айналып өтпейтіндігін, дін цифрлық технологиялар дәуірімен бірге өмір сүріп, өзара әрекеттесетінін, сондықтан, діни тәжірибе мен ақпараттық технологиялардың өзара байланысы мен әрекеттестігі туралы сұрақтар туындауы заңды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференция жас және тәжірибелі ғалымдар арасында пікір алмасуға ықпал ететін, ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты қолдайтын дінтану ғылымын дамытудағы елеулі қадам екенін атап өтті.

Сондай – ақ, конференцияға аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытқан отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.