
Бүгін жаңа басшылық құрамын және ұйымның болашақ көрінісін талқылау мақсатында «Дінтану конгресі» ҚБ мүшелерінің кезектен тыс отырысы өтті.
Іс-шараға философия ғылымдарының докторлары Бақытжан Сатершинов пен Юлия Шаповал, философия ғылымдарының кандидаттары Есбосын Смағұлов, Рузия Камарова, дінтану магистрі Аян Орынтай қатысты.
Отырыс барысында «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі, Копенгаген университетінің дінтану магистрі Аян Орынтай дін саласы үшін маңызды бірқатар жобаларды ұсынды. Атап айтсақ, дін саласындағы мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары кафедраларының әдістемелік кеңесін құру, бұқаралық ақпарат құралдарында діни мәселелерді тарату сапасын арттыру мақсатында журналистер мен блогерлер клубын құру, дін саласындағы өзекті сұрақтарды талқылау үшін «Өркениет» пікірсайыс клубын құру және т.б. туралы баяндалды.
Отырыс нәтижесінде «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Қайрат Құрманбаевты ұйымның жаңа төрағасы, Аян Орынтай мен Юлия Шаповалды төраға орынбасарлары болып сайлануын бірауыздан қолдады.