
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен жарияланған Алғыс күні аясында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті қайырымдылық акциясын өткізді.
Дін істері комитеті тарихқа баға жетпес үлес қосқан, жеңіске жету үшін, Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау үшін ерлік пен батылдық танытқан соғыс ардагерлері Лев Абрамов, Әлім Әбенов және Баймухан Әбіловті мерекемен құттықтады.
Алғыс күні - бұл ең алдымен, біздің ортақ тарихымызға құрмет көрсету барлық қазақстандықтардың бір-біріне қайырымдылық, достық пен сүйіспеншілік мерекесі, біздің азаматтарымызды жақындастыратын мереке.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 20 жылдығы аясында Мемлекет басшысы 1 наурызды Алғыс күні деп жариялады. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
Өз кезегінде, ардагерлер ризашылығын білдіре отырып, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің арқасында ұлттық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі құрылғандығын және бұд мереке бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналғандығын атап өтті.
Дін істері комитеті барлық қазақстандықтарды Алғыс күнімен құттықтап, әрбір үйде бірлік, шаттық, гүлдену мен бақыттың өркендеуін тілейді.