Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Захер бен Мутиш Әл-Анезимен кездесу өткізді.

Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Захер бен Мутиш Әл-Анезимен кездесу өткізді.

Қазақстан Республиксының Қоғамдық даму Вице-министрі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Захер бен Мутиш Әл-Анезимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Діни қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ қазақстандық азаматтар үшін қажылық-умра мен қажылықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Вице-министр Б.Арын діни саласындағы қарым-қатынастардың даму барысына қанағаттанатынын және Корольдікпен өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасын табатынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ Сауд Арабия тарапына қажылықты ұйымдастыру кезінде қазақстандық қажыларға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Тараптар ағымдағы жылы қазақстандық қажылар үшін умра мен қажылықты ұйымдастыру жағдайын жақсарту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар, әңгіме барысында қоғамдық даму вице-министрі сұхбаттасушыны діни салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Министрліктің ағымдағы міндеттері мен басымдықтары туралы хабардар етті.

Сауд тарапының дерадикаландыру және оңалту жұмыстары саласындағы тәжірибесі терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінде әрдайым айыптап және әлемдік қауымдастықтың осы құбылысты жою үшін тиімді ұжымдық күш-жігерді қабылдауын жақтайтын Қазақстанға қызығушылық танытатынына назар аударды.

Тараптар экстремистік діни ағымдар қызметінің алдын алу бойынша, соның ішінде радикалды діни идеологияның ықпалынан халықты қорғау бойынша қарсы насихат жұмыстарын жүргізу әдістері туралы тәжірибе және ақпарат алмасуды жүзеге асыруға уағдаласты.