ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың Қазақстандағы Жаңапостолдық шіркеуінің өңірлік ақсақалы Федор Бурлаковпен кездесуі өтті

ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың Қазақстандағы Жаңапостолдық шіркеуінің өңірлік ақсақалы Федор Бурлаковпен кездесуі өтті

2021 жылғы 26 наурызда Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстандағы Жаңапостолдық шіркеуінің округтік ақсақалы Бурлаков Федормен кездесу өткізді.
Сонымен қатар, кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н. Әлмұханов қатысты.
Комитет төрағасы Е.Нүкежанов Ф.Бурлаковқа мемлекет тарапынан жүзеге асырылып отырған эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларына қолдау көрсетуіне алғыс білдірді.
Әңгімелесу барысында төраға 2021 жыл барлық қазақстандықтар үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесімен ерекшеленетінін атап өтті. Үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі осы кезеңдегі басты жетістіктердің біріне айналып отыр.
Өз кезегінде Федор Бурлаков Қазақстандағы Жаңаапостолық шіркеуінің қызметі туралы, оның тарихындағы маңызды оқиғалары , сондай-ақ жүргізіліп отырған әлеуметтік жұмыстар жайлы сөз қозғады.
Кездесу соңында Төраға Дін істері комитеті дін саладағы түрлі өзекті мәселелерді талқылау үшін өңірлік бірлестіктердің басшыларымен және өкілдерімен кездесуге әрдайым ашық екенін атап өтті.