
Ағымдағы жылдың 11 наурызында Дін істері комитеті дінтану сараптамасын жүргізу жұмыстарына қатысты дін саласы мамандарына арналған кезекті семинар жұмысын өткізді.
Онлайн-семинарға Дінтану сараптамасы басқармасының қызметкерлері және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының сала мамандары қатысты.
Басқарма басшысы Н. Қабылов жасалып жатқан жұмыстың маңыздылығына тоқталып, казіргі уақытта белең алған әлеуметтік желілердегі діни ақпараттарға мұқият болу керектігін атап өтті.
Дінтану сараптамасын автоматтандыру үрдісі және басқа да өзекті сұрақтар бойынша бас сарапшы Г. Көшербаева баяндама жасады.
Семинар барысында өңірдегі мамандар дінтану сараптамасына қатысты өзекті проблемалар мен сұрақтарға жауаптарын алып нәтижелі пікір алмасты.