Дархан Қалетаев "Әзірет Сұлтан" мешітінде болды.

Дархан Қалетаев "Әзірет Сұлтан" мешітінде болды.

Бүгін, 19 сәуір 2018 жылы Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев еліміздің бас мешіті - "Әзірет Сұлтан" мешітінде болды.

Сапар барысында министр Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти, мешіттің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және наиб мүфти Бауыржан Есмаханмен кездесті.

 

Дархан Қалетаев дұға залдарын, құран оқуға арналған бөлмелер мен оқу-ағарту топтарының сабақтарын аралап көрді, сондай-ақ ҚМДБ жанындағы "Хикмет" телерадиостудиясының жұмысымен танысты.

Бұдан кейін министр имамдармен және діни басқарма басшыларымен кездесу өткізді. Дархан Қалетаев қоғамда руханилықты дамыту бойынша тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, имамдарды халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратының құрылысымен танысты.

Муфтият әкімшілік ғимаратының құрылысы 2015 жылы басталды. Ғимараттың жалпы аумағы – 12 мың шаршы метр, жеке кабинеттері, акт залы және дін өкілдері үшін спорт кешені бар. Оның аумағында рухани әдебиетпен жабдықталған кітапхана және муфтият қызметкерлеріне арналған жатақхана орналасады.