
Орталық коммуникациялар қызметінде «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қызметіне арналған баспасөз конференциясы болып өтті.
Баспасөз конференциясына Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.Ә., «Уақып» қорының президенті Айтбай Қ.О., Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Есмахан Б.Ә., «Аль Сакр Финанс» АҚ-ның директоры Нұрбаев Д.К. қатысты.
Баспасөз конференциясы барысында баяндамашылар Қордың әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылғаннынң атап айтты. Қордың қызметі дәстүрлі рухани құндылықтарды дамытуға, мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдаланудың алдын алуға бағытталған, діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға және қызмет көрсетуге жәрдемдесу; діни бірлестіктердің қызметкерлеріне қолдау көрсету және олардың біліктілігін арттыру; әлеуметтік жағдайы төмендерге, жұмыссыздарға және мүгедектерге материалдық көмек (қайырымдылық) көрсету.

Өз сөзінде Оңғарбаев Е.Ә. жүзеге асырылған қайырымдылық жобалар туралы толық баяндалады: «Бүгінгі таңда Қор шалғай аудандарда және ауылдарда тұратын және материалдық қолдауға аса мүқтаж 305 діни қызметкерлерге стипендия төлеуге қайырымдылық көмек көрсетуде; Аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 студентке «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениет университетінде оқу ақысын төлеуге қаржылық көмек көрсетілді, ал 2018-2019 оқу жылында 10 студентке осындай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Қордың қолдауымен 173 діни қызметкер діни экстремизмнің алдын алу бойынша қайта даярлау курстарында оқытылды».
Айта кететін мәселе, Қор ҚМДБ жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру институтына қайырымдылық көмек көрсетіп, Алматы облысы Турген ауылында өртеніп кеткен православ шіркеуін қалпына келтіруге қатысты

«Уақып» қорының президенті Айтбай Қ.О. қаражаттарды тарту және қайырымдылық демеушілік көмек көрсету туралы нақты мәлімет берді: «Бүгінгі күні Қор 355 млн. теңгеден астам қайырымдылық және демеушілік көмек тартып, оның ішінде 110 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті».

Сондай-ақ, «Аль Сакр Финанс» АҚ Уақып қорымен бірлесе Қазақстанда тұңғыш рет шариғат нормалары мен принциптеріне сәйкес келетін төлем карталарын шығарды. «Аль Сакр Финанс» АҚ-ның директоры Нұрбаев Д.К. «goislamic.kz сайтында карта шығаруға 15 мыңнан астам өтініш қабылданып, 11 мыңнан астам карта шығарылып, олар бойынша айына 30 мыңға жуық түрлі операциялар жасалады».
Баспасөз конференциясының қорытындысы бойынша баяндамашылар Қор қайырымдылық іс-әрекеттерінің ашықтығын және әлеуметтік салада өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қаржы ресурстарын қатаң бақылауды қамтамысыз ететіндігін атап өтті.


