Алматыда деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту орталығы ашылды

Алматыда деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту орталығы ашылды

Алматы қаласында діни экстремизм құрбандары мен деструктивті табынушыларды оңалту орталығы ашылды. Оның жұмысында негізгі тірек репрессивті шараларға емес, руханилық пен адамгершілікті, исламның жұмсақтығы мен бейбітсүйгіштігін танымал етуге жасалған.

Орталық қызметінің мақсаты халықтың бойында толерантты сана-сезімді қалыптастыру, діни экстремизм шақыруларына мүлдем төзбеушілік көрсету, діни экстремизм құрбандарын оңалтуда және деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың ағымдағы қызметі туралы оның директоры Руслан Қайыргелді айтып берді. Оның айтуынша, күш құрылымдарының қызметкерлері өздері анықтаған радикалды көзқарастары бар адамдарды орталыққа жібереді. Негізінен бұл діни білімі жоқ, 15-28 жас аралығындағы жастар, сонымен бірге оларға материалдық көмек көрсете отырып экстремистік топтардың іс-шараларына тартылады,  осылайша тәуелді етеді.

Орталықта олармен, шынайы адамды көрсету және олардың жалған діни сипатын ашу үшін, радикалды топтардың маңызын Құранның аяттары және хадистерімен салыстыру арқылы түсіндіріп, ислам тарихының, нақты фактілер мен дәлелдердін көрсете отырып сұхбат жүргізеді. Қазіргі уақытта орталықта 186 адам оңалтудан өтуде.