Министр Дархан Кәлетаевтің Қазақстандағы мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Министр Дархан Кәлетаевтің Қазақстандағы мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті қазақстандық мұсылман қауымы!

Сіздерді әлемдегі күллі мұсылман үмбеті қасиет тұтатын, ұлық Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – адамзат баласын бейбітшілік пен бірлікке, тағаттылық пен ұстамдылыққа үндейтін ай. Мейірімділік пен қайырымдылықтың нышаны, мұсылман қауымын сабырлыққа шақыратын қасиетті мерзім.

Көп ұлтты халқымызды біріктіретін, өзара сыйластық пен бірлікке үндейтін ортақ жарқын мезгіл.

Осы ерекше және қасиетті айда әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.

Баршаңыздың тұтқан оразаларыңыз және барлық ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын. Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін!