«Қауырт желі – 114» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберіндегі қорытынды баспасөз конференциясы

«Қауырт желі – 114» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберіндегі қорытынды баспасөз конференциясы

         А.ж. 30 қарашасында «Интерфакс – Қазақстан» ақпараттық агенттігінің онлайн-алаңында «Қауырт желі-114» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында қорытынды баспасөз конференциясы өтті.

         Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, «Мысль» дінді қолданбалы зерттеу орталығының директоры, «Қауырт желі-114» жобасының серіктесі А.Сабдин, «Social Development Center» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

         Е.Нүкежанов қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен өткізілген іс-шаралар, сондай-ақ дін саласындағы басқа да өзекті мәселелер туралы ақпарат берді. «Қауырт желі – 114» жобасының негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдарға діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге консультациялық және психологиялық көмек көрсету болып табылады.