
Вульф институты өкілдерінің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы мен Вульф институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов пен Вульф институтының директоры Эдвард Кесслер қол қойды.
Меморандум жүйелі негізде Ақпарат, зерттеу тәжірибесі мен тәжірибе алмасуды жолға қоюға, сондай-ақ діни саладағы өзекті мәселелер бойынша консультациялар, бірлескен іс-шаралар мен лекторийлер өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тараптар дінаралық диалог пен келісімді ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты, діни бірлестіктер өкілдеріне арналған білім беру бағдарламаларын дамытуға жәрдемдесуге ниетті.
Кездесу барысында ф.ғ.д., профессор Айдар Әбуов Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметі туралы айтып берді. Оның айтуынша, орталықтың қызметі халықаралық деңгейде конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты нығайту бойынша Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін насихаттауға, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік органдардың қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған.
Вульф институтының директоры Эдвард Кесслер институт базасында Дін және мәдениет мәселелері бойынша 16 апталық білім беру бағдарламасын ұйымдастыруды, сондай-ақ Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері үшін жазғы мектепті ұйымдастыруға көмек көрсетуді ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төзімділік пен бейбітшілік жасау саласындағы одан әрі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытуға өзара мүдделілік білдірді.
Айта кетейік, Вульф институты, мұсылмандар, христиандар және иудейлер арасындағы қарым-қатынасты академиялық зерттеудің әлемдік көшбасшысы болып табылады. 1998 жылы доктор Эдвард Кесслер мен профессор Мартин Форд негізін қалады. Институт бүкіл әлемде өзінің зерттеу, оқу, саяси және білім беру бағдарламаларының басымдылығымен танылды.