Дін істері комитетінің қызметкерлері «Уақып» қорын қолдау мақсатында қайырымдылық науқанын ұйымдастырды

Дін істері комитетінің қызметкерлері «Уақып» қорын қолдау мақсатында қайырымдылық науқанын ұйымдастырды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің қызметкерлері 2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Уақып» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмысын қолдау мақсатында қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.

Жиналған қаражатты Комитет төрағасының орынбасары Б.Мырзаев қордың алдағы уақытта қолға алған жұмыстарына табыс тілей отырып «Уақып» қорының вице-президенті А. Байжановқа салтанатты түрде табыстады.

Қордың негізгі қызметі жеке және заңды тұлғалардың еркін түрде бөлген қаржыларын біріктіріп, қайырымдылық жасап, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жолдау, дәстүрлі рухани және діни құндылықтарды дамыту, бейбітшілікті нығайту, қоғамда достық пен келісімді сақтау, рухани білім беру ұйымының, діни, тарихи, мәдени маңызы бар ғимараттар мен нысандардың қызметін қамтамасыз ету, діни мекеме қызметкерлерін және рухани ұйымдардың қызметкерлерін қолдау және халықтың діни сауатын арттыру, діни радикалимз мен экстремизмнің алдын алу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету және теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік тұрғыда бейімдеу болып табылады.

Аталмыш науқан жоғарыда аталған «Уақып» қорының игі қызметтерін насихаттауға, қолдауға және жаппай қайырымдылық жасауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.