Құрметті алқа мәжілісіне қатысушылар!
Қазіргі таңда елімізде тұрақты діни ахуал қалыптасқан. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жүйелі жұмыстар атқаруда.
2020 жылғы желтоқсанда Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды.
Бұл стратегиялық құжатта мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын ілгерілету мен халық арасында радикалды идеологияның таралуына қарсы іс-қимылдар жөніндегі негізгі міндеттер мен шаралар белгіленген.
Зайырлылық қағидаттарын насихаттау мақсатында «Қазақстан – зайырлы мемлекет» медиа жоспары қабылданды.
Сонымен қатар, дін саласындағы 2605 білікті мамандардан құрылған 229 өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары қоғамның түрлі өкілдеріне зайырлылық қағидаттарын түсіндіруде. Нәтижесінде қоғамдық қатынастарда зайырлылық қағидаттарының сақталуына оң ықпалын тигізді. Жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі Министр айтып өткеніндей соңғы үш жылда еліміздің мектептеріндегі хиджаб кию фактілерінің санының 12 есеге дейін (2462-ден 201-ге) төмендеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде Қазіргі таңда, 7 қызметтің 6-ы автоматтандырылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс толық аяқталады.
Государственно-конфессиональные отношения в республике выстроены в формате конструктивного диалога и продуктивного сотрудничества с религиозными объединениями. Функционируют такие диалоговые площадки, как Совет по связям с религиозными объединениями и Собрание представителей религиозных объединений.
Хочу выразить особую благодарность религиозным объединениям страны, которые в период пандемии единогласно поддержали решения государства и выступили с призывом соблюдать карантинные ограничения.
В прошлом году на период ограничения пришлись крупные религиозные праздники, в числе которых Пасха и Ораза айт.
В период празднования Курбан айта в целях обеспечения соблюдения санитарных норм ДУМК при содействии Министерства был запущен сайт «Qurban2020.muftyat.kz», где граждане могли оставить онлайн-заказы и заявки на жертвоприношение.
В этих же целях пасхальные богослужения были проведены только с участием священослужителей и транслировались в прямом эфире на телеканале «Первый канал – Евразия».
Біздің тағы бір маңызды жұмыс бағытымыз халықтың діни радикалдық идеологияларға қарсы иммунитетін нығайту. Бұл бағыттағы жұмыстар қайта қарастырылып, негізгі басымдықтар белгіленді. Сандық көрсеткіштен сапалық нәтижеге басты назар аударылуда. Атап айтқанда, халықтың діни радикалды идеологияның ықпалына түсіп қалуы ықтимал топтарына (сауда орындары,құрылыс алаңдары және т.б) басымдық беріліп, жоспарлы түрде мақсатты жұмыстар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары онлайн түрде де өткізіліп, жаңашылдық сипаттағы ақпараттандыру әдістері жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, 2020 жылы деструктивті идеология ұстанушыларының 70% жуығы оңалту іс-шараларымен қамтылды. Нәтижесінде олардың 3 мыңнан астамы қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарына қайта оралды.
Сондай-ақ, «Жусан» арнайы операциясы шеңберінде террористік белсенділік аймақтарынан 2020 жылдың басында қайтарылған әйелдердің 100% оңалтылды. Алайда өзге де жолдармен қайтарылған 32 әйелдің қосылуына байланысты бұл көрсеткіш 90 % құрады. Оларды радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, онлайн форматтағы ақпараттандыру жұмыстары қайта қарастырылып, кешенді шаралар қабылданды. Нәтижесінде еліміздің интернет кеңістігінде радикалды контенттің көбейіп кетуіне жол берілмеді. Отандастарымыздың діни радикалды ақпарат көздерінен қорғау мақсатында оларды анықтау және қолжетімділігін шектеу, бұғаттау, оларға жедел ден қою қызметін күшейттік.
Нәтижесінде 2020 жылы әлеуметтік желілердегі діни радикалды топтарда тіркелген отандастарымыздың саны 2019 жылмен салыстырғанда 44% азайды. (Вконтакте әлеуметтік желісі бойынша 2019 жылы 919 мың болса, 2020 жылы 512 мыңды құрады), діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 21 мыңнан астам материал бұғатталды және жойылды. Дін саласындағы 350-астам мамандарды 7 оқыту семинар-тренингтері арқылы жаңа медианың дағдыларын үйреттік.
Ағымдағы жылғы негізгі міндеттерге тоқталсам,
Біріншіден, діни саладағы заңнамаға басқа салалық заңдар арқылы нақты өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады. Ұсынылатын өзгерістер діни бірлестіктерді тіркеу, діни іс-шараларды және дінтану сараптамасын өткізу, әкімшілік нормалар мәселелерін оңайлатуды көздейді. Діни қызмет саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Екіншіден, террористік белсенділік аймақтарынан оралған әйелдердің 90%-ын оңалтуға қол жеткізуді мақсат етіп қойдық. Үшіншіден, халықтың радикалдануына жол бермеу мақсатында нысаналы топтардың 70%-ын ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қамтамасыз етеміз.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының отырысын өткізу жоспарлануда.
Біздің жұмыс барысындағы негізгі ұстанымымыз осы бағыттарға негізделеді.
Назарларыңызға рақмет!