Меню

Страницы

Статья

Дін саласы

 

1. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер туралы

2024 жылдың 4 тоқсаны бойынша ел аумағында 18 конфессияны қамтитын 3999 діни бірлестік тіркелген (2858 - исламдық, 347 - православтық, 91 - католиктік, 592 – протестант, 57 - Ехоба куәгерлері, 23 - Жаңа апостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 – иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер).

Жалпы ғибадат үйлер саны – 3788 (2857 - мешіт, 302 - православ шіркеуі, 116 - католик шіркеуі, 421 - протестанттық ғибадат үйі, 55 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 25 - Жаңа Апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагога, 3 - Кришна санасы қоғамы, 2 - Бахаи ғибадат үйі, 1 - буддисттік ғибадатхана).

 

2. Қазақстан Республикасындағы миссионерлер туралы

Елімізде ресми 452 миссионер тіркелген, олардың 417 - шетелдіктер, 35 - Қазақстан Республикасының азаматтары (cенімдер контексінде:  католиктер - 244, елуінші күн шіркеуі - 70, Кришна санасы қоғамы - 40, мормондар – 31, пресвитериандық шіркеу - 24, православтар - 20, баптистер - 5, Жаңа апостолдық шіркеу - 7, Ехоба куәгерлері – 4, Жетінші күн адвентистері - 3, иудаизм – 2, лютерандық – 1, буддизм - 1).

 

3. Дін саласындағы құқық бұзушылықтар туралы

2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша діни қызмет саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453, 489-баптары бойынша құқық қорғау органдары және өңірлік Дін істері басқармаларымен 19 факт анықталды.

Бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, ең алдымен, әкімшілік шараларды барынша азайта отырып, алдын алу-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына шоғырландырылған.

 

4. Өңірлердегі АТТ жұмысы туралы

Дін мәселелері бойынша құрамында 2739 маманы бар 236 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады.

Жыл басынан бастап АТТ дәріскерлері 2 млн 649 тыс. астам адамның қамтылуымен шамамен 65 мың іс–шара өткізілді.

АТТ қызметі ең алдымен халықтың мақсатты санаттарына жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіп орындардың қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету және т.б. бағытталған.

 

5. Қазақстан Республикасындағы дінтану сараптамасы туралы

2024 жылғы 4 тоқсанда дінтану сараптамасы жүргізілген 1474 материалдың 886 – оң, 233 – теріс қорытынды берілді. Сондай-ақ, 355 материал діни емес, шет тілдерінде және ақаулы екендігі анықталды.

561 интернет-ресурстың мазмұны талданды, олардың ішінен құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 159 интернет-ресурс сілтемесі анықталды.

 

6. ҚазақстанРеспубликасындағы діни оқу орындары туралы

2024 жылғы 4 тоқсандағы жағдай бойынша елімізде 14 рухани оқу орны бар. Ондағы студенттердің жалпы саны - 5617 адам.

Анықтама ретінде: Исламдық бағыт - 12 («Нұр-Мүбарак» университеті - 1, медресе колледжі - 9, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты - 1, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты - 1).

Христиандық бағыт - 2 (Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы).

 

Дата публикации
19 сентября 2019
Дата обновления
08 января 2024
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Сөз сөйлеу
14 июня 2021
Павлодар облысындағы АҚДМ Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А. Хатиевтің баяндама тезистері
Сөз сөйлеу
14 июня 2021
Түркия Республикасы Дін істері басқармасымен (Диянет) Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б. Бәкіровтің баяндама тезистері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы