Комитет ел дамуының зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге, конфессияаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді.
Дін мәселелері бойынша құрамында 2723 маманы бар 236 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады.
2024 жылы АТТ дәріскерлері 2 млн. 649 мыңнан астам адамның қамтылуымен шамамен 65 694 іс–шара, оның ішінде жастар арасында 644 мың адамның қамтылуымен 10149 астам іс-шара өткізді.