Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/ҰК Пиказымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Бөліммен «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 1 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
Бөлімнің Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті Теміртаа қаласы әкімдігінің және бөлімнің беттерінде ҚР мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында («Қызмет-Мемлекеттік қызметтер» бөлімі) орналастырылған.
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер тезірек және ыңғайлы» тақырыбында 2 Тікелей эфир ұйымдастырылды.
2023 жылы бөлім қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою бойынша 60 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бөлімде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар, ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш нысанының үлгісін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт орналастырылған.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.