Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыс

2020 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыс

 

Батыс Қазақстан облысы Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау  департаментінде (бұдан әрі - Департамент) және аумақтық басқармаларында жыл сайын сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша іс-шаралар жоспарлары жасақталады және жоспарға сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді, ол Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының мінез-құлық ережелерін анықтайды, сондай-ақ олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде шектеулер мен тыйымдарды белгілейді.

         Комитет төрағасының бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері Департамент басшысының орынбасары Н.Мұстаевқа жүктелген. Департаменттің 1-ші қабатында көрнекті жерде және барлық аумақтық басқармаларда Әдеп Кодексі стенді ілініп, әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс ақпараты орнатылған.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітіліп, Департаментте төменгідей іс-шаралар ұйымдастырылды:

- Департаментте тәртіптік комиссиясы құрылып жұмыс жасауда:

(ағымдағы жылдың 6 айында Департаментке мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы 10 хабарламалар келіп түсті.

Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілердің саны – 12, оның ішінде 4-і басшылық лауазымдар, 8-і өзге мемлекеттік лауазымдарды атқарады.

Мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған үшін - 2, Қазақстан Республикасының басқа заңнамаларының нормаларын бұзған үшін – 7).

  • Департаментте келісім комиссиясы құрылып жұмыс жасауда;
  • Барлық аумақтық басқармалардың басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке жауапкершілік туралы ресми ескерту берілді;
  • лауазымдық нұсқаулықтарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық енгізілген;
  • Азаматтарды тұрақты түрде қабылдау жүргізілуде (өткен мерзім ішінде қабылдауда 30 адам болды);

- «Сенім телефоны» нөмірлері (ғимараттың холында, Департаменттің сайтында) орналастырылды;

- Департамент және аудандардағы басқармалар ғимараттарында шағымдар мен азаматтардың өтініштерін қабылдау жәшіктері орнатылды;

- Мамандардың өтініш берушілермен тікелей байланысын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету Халыққа қызмет көрсету орталықтары және "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды және олардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету үшін аумақтық басқармалармен бұйрық шығарылды, Департамент мамандары қатарынан облыс бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингі мен бақылауын жүргізуге жауапты қызметкерлер бекітілді (бұдан басқа, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды Департаменттің арнайы бөлімі жүзеге асырады);

- Департамент ғимаратына кіру тәртібі ұйымдастырылды;

- Департамент ғимаратының 1 қабатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіледі;

- Жеке және заңды тұлғалардың өкілдері үшін консултациялар өткізу үшін бөлме бөлінді;

- Құжаттарды тіркеу, қабылдау және беру бойынша жұмысты үйлестіруге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды, сондай-ақ жауапты тұлғалар бекітілді;

- Облыс әкімдігі жанындағы "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалау офисімен жұмыс жолға қойылды, бірлескен кеңестер өткізіледі, сәуір және мамыр айларында онлайн форматта жобалық кеңсе басшысымен бірге азаматтарды қабылдау жүргізілді;

- Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын құру және қызметкерлердің, сондай-ақ халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша Департаментпен, сондай-ақ басқармалармен 2020 жылдың 6 айында 33 семинар (дөңгелек үстел) өткізілді, оның ішінде мемлекеттік қызмет департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және прокуратура органдары (оның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма);

- Департамент басшысы республикалық және облыстық арнайы мониторинг тобының басшылары мен мүшелерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Департаменттің жүргізген жұмысы бойынша облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі онлайн режимінде сөз сөйледі;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет базасында азаматтарды онлайн қабылдау өткізілді;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандарымен жүйелі түрде семинарлар өткізіледі;

Facebook, instagram әлеуметтік желілерде-19, Департаменттің ресми сайтында-2, облыстың жергілікті баспа басылымдарында – 2 жарияланым, ТВ-да - 1 сөз сөйледі;

- Департаменттің 1 алқа отырысы өткізілді, онда көтерілген сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды;

- ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын орындау үшін Департамент бойынша аумақтық бөлімшелер мен департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге неғұрлым бейім бағыттарды анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Осылайша, Теректі аудандық және қалалық басқармаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді;

- Мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде департамент осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдауда. Мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнамаға және бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес бірыңғай веб-портал арқылы жүргізіледі, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі;

- Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес 3 семинар өткізді, 5 мемлекеттік қызметкерге консультациялық көмек көрсетілді, Бөрлі және Теректі аудандарына шықты, 51 мемлекеттік қызметкерге анонимдік сауалнама жүргізілді, барлық материалдар Департаменттің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды.

 Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

Дата публикации
10 июля 2020
Дата обновления
10 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру туралы
Пайдалы ақпарат
27 июля 2026
Жазғы сауықтыру орындарындағы «Қауіпсіз жаз»
Сұхбат
25 июня 2026
"Ақжайық" телеарнасының радиоэфирінде жазғы сауықтыру маусымының сұрақтары талқыланды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы