
Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов Бөкей ордасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләйла Мұхитқызын зейнеткерлікке шығуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.
Салтанатты шараға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Сариева, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, бөлім басшылары мен сала қызметкерлері қатысты.
Ләйла Мұхитқызы 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Жәнібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында бастап, түрлі жауапты қызметтер атқарған.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап Бөкей ордасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарды.
39 жылдық еңбек өтілін халық денсаулығын қорғау ісіне арнаған білікті маманның өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі.
Іс-шара соңында Ләйла Мұхитқызы көрсетілген құрмет пен ізгі лебіз үшін әріптестеріне алғысын білдірді.