
" AMANAT " партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі өкілі Нұрсұлу Сариеваның төрағалығымен және Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметкер этикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі өкілі Нұрсұлу Сариева сөз сөйлеп, дөңгелек үстелде қозғалатын тақырып жөнінде айтып өтті.
Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талаптар қояды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті.
Мемлекеттік қызметшінің жеке дамуы жалпы қоғамдағы өзгерістердің бастауы болуы мүмкін. Оның тұлғасы қоғамға үлгі болуы керек, - деді Нұрсұлу Әміржанқызы.
Сонымен қатар, теолог маман Қ. Халиолла және " AMANAT " партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е. Ильясов экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытында түсінік берді. Сауалға діни көзқарас тұрғысынан жанжақты жауап берді.
К. Шакенаева аудандық аналар кеңесінің төрайымы отбасы құндылықтары, қоғамдағы әйел адамның алатын орны туралы пікір білдірді. Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және отбасылық зорлық-зомбылықты қоғамда болдырмау мақсатында көптеген іс-шаралардың жүргізілгендігін айтып өтті.