Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар тіркелген жоқ

2025 жылдың 7 айында санитариялық-эпидемиологиялық салада көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әміржанқызы баяндады.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 795 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Барлық қызметтер тегін әрі электронды түрде egov.kz және elicense.kz порталдары арқылы ұсынылған.

Негізгі көрсеткіштер:

▪ 551 рұқсат құжаты берілді;

▪ 200 өтінішке дәлелді бас тарту;

▪ Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі бұзылмаған;

▪ Шағымдар тіркелмеген;

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 450-ден астам түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Барлық қызметкерлер кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді уақтылы тапсырды. Жыл басынан бері заңбұзушылықтар тіркелген жоқ», - деді спикер.

Мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен сапасы – басты назарда.

Дата публикации
22 августа 2025