Сариева Нурслу Амиржановна -1969 жылы 14 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген.
📚 1991 жылы - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын экономика және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру, 2016 жылы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін құқықтану мамандығымен тәмамдаған.
✍️ Еңбек жолын 1991 жылы Алғабас ауылында бухгалтер ретінде бастады. 1993-1999 жыл аралығында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы-бухгалтер-ревизор қызметін атқарды.
📝 2004 жылдан бастап 2022 жылға дейін ҚР ДСМ МСЭҚК БҚО бойынша департаментінің экономика, қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, бухгалтерлік есеп және есеп берушілік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
✅ 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары қызметін атқаруда.
📜 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы" құрмет грамотасы - 14.12.2016 ж. марапатталған.
* «Қазақстан Республикасының конституциясына 25 жыл» медалі - 20.08.2020 жылы;
* ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Қиясовтің "ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл" адал еңбегі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы - 13.12.2021 жылы марапатталды