
Ашикова Ляйля Тлектесовна – 1972 жылдың 15 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы Базар-шолан ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына түсіп, аталған оқу орнынан 1999 жылы медико-профилактикалық ісі, дәрігер-гигиенист эпидемиолог мамандығын алып шығады.
Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң, еңбек жолын 1999 – 2004 ж.ж.аралығында Теректі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында жалпы тәжірибедегі санитарлық дәрігер қызметінен бастады. 2003-2004жж аталған Теректі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бөлім басшысы;
2004 – 2008 ж.ж.аралығында Бөрлі аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында санитарлық-эпидемиологиялық бөлім басшысы:
-2008-2013 ж.ж. аралығында Орал қалалық мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімде бас маман, бөлім басшысы;
- 2013-2015 ж.ж аралығында Орал туберкулезге қарсы диспансерінде госпиталдық эпидемиолог;
- 2015-2018 ж.ж аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығында бөлім басшысы;
- 2018-2019 ж.ж Теректі аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
-2019-2020 ж.ж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Теректі аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы;
- 2020-2021 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Теректі аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы;
- 2021-2022 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Теректі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басшысы;
2022-2023 ж,ж Ұлттық сараптама орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы №1 Дарьинск бөлімшесінде директор қызметтерін атқарды.
2023 жылдың 15 қарашасынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Теректі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін БҚО Бас санитарлық дәрігерінің Құрмет грамотасымен (2003, 2009, 2017 ж.ж);
Вице-министрдің Алғыс хатымен (2020ж);
Теректі аудандық әкімінің (2020-2022 ж.ж);
«Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша дезинфекция орталығының басшысының (2015, 2016,2017 ж.ж.);
Аманат партиясының алғыс хаты (2020ж)табысталған.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Денсаулық сақтау ісінің төс белгісімен марапатталған.